Вы здесь

Әлемдік пандемияның таралуы салдарынан елімізде төтенше жағдай енгізілуі білім беру жүйесін қашықтықтан оқытуға көшіргеніне қарамастан мектебімізде іс-шаралар межеленген мерзімі бойынша өткізілуде.Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін оқушылардың мектепішілік «Жас ғалым» атты ғылыми-практикалық конференциясы 11-мамыр күні ZOOМ платформасында өткізілді.
Конференция мақсаты:оқушылардың ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қаблетін дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру.
Конференцияға қатысуға 68 өтініш келіп түсті.Зерттеу жобалары кафедралар бойынша жеке платформаларда қорғалды.
Жоба қорғау барысында оқушылардың тыңғылықты дайындығы,сөйлеу мәнерлері, білімге,ғылымға деген талпыныстары қуантты.
Оқушылардың ғылыми жұмыстарына тәжірибелі ұстаздар қазылық етіп,ғылым әлеміне жасаған қадамдарына сәттілік тілеп,өздерінің ақыл кеңестерін де айтып өтті.

«Жас ғалым» атты ғылыми-практикалық конференция