Вы здесь

«Мың бала» ауыл оқушыларына арналған ұлттық олимпиада жеңімпаздары «Дарын» мектебіне қабылданды

Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында Білім және ғылым минстрлігінің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп өткізген олимпиадасы ауылдағы талантты оқушыларды анықтады.

«Мың бала» ауыл оқушыларына арналған ұлттық олимпиада 5 және 6 сыныптың 295 мың оқушысын қамтыған. Осы үш жүз мыңға тарта оқушының арасынан екі кезең бойынша суырылып алған шыққан 1000 оқушы жеңімпаз атанды. Қарағанды облысынан 6 сынып бойынша 21 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес олимпиада жеңімпаздары «Білім-инновация» лицейлері мен «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. Мектебімізге сұраныс жіберген 5 оқушы 7 сыныпқа қабылданды. Олар оқуларын әрі қарай онлайн форматта жалғастырмақ. Білімімен, алғырлығымен көзге түсіп, жеңімпаз атанған оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, «Дарын» мектебінің дарынды оқушылары болады деп сенім артамыз.

«Мың бала» ауыл оқушыларына арналған ұлттық олимпиада жеңімпаздары