Вы здесь

Қадірлі дос! Біздің  сырттай математикалық мектебімізге қош келдіңіз. Облыстық «Дарын» мектеп-интернатының ұстаздары барлық ниет білдірушілерге математиканың тамаша әлеміне енуге көмектеседі.

Қызықты және танымды есептерді шешу сізге жақсы әсер сыйлайды және қиын әрі қызғылықты математика сияқты ғылымды зерттеуге көмектеседі деп үміттенеміз.

Қош келдіңіз!

Әр сабақ қандай да бір тақырыпқа арналған негізгі есептердің талдауымен, әдістемелік нұсқауларымен  ұсынылады. Содан кейін өзіндік орындауға арналған тапсырмалар беріледі. Ұсынылып отырған барлық тапсырмаларды  жан-жақты, қажетті түсініктемелерімен шешу керек. Тек жауабы ғана ұсынылған жұмыстар бағаланбайды.

Әрбір өзіндік жұмыс үш деңгейден тұрады.

Бірінші деңгей: 4 тапсырма,  әрқайсысы жарты ұпаймен бағаланады. Барлығы  2 ұпай.

Екінші деңгей: 4 тапсырма , әрқайсысы бір ұпаймен бағаланады. Барлығы  4 ұпай.

Үшінші деңгей: 2 тапсырма , әрқайсысы 2 ұпаймен бағаланады. Барлығы  4 ұпай.

Жалпы жұмыс үшін 10 ұпай жинай аласыз.

Тапсырмаларды интернеттен табуға болады.

Тапсырманы орындау уақыты – 20-25 күн.

Жауаптарды жіберу жолдары:

1.Тапсырыс хат арқылы

2. Қолжазбаны сканерлеп, электронды поштаға жолдау

ФайлТапсырма (2).docx

«ДАРЫН» мектеп-интернатындағы 4 –сыныпқа арналған «Жас математик» сырттай мектебі