Вы здесь

        Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет-білім, білімді ұрпақ», - деп ХХІ ғасырды ғылым мен білімнің ғасыры атады. 29 қараша күні «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатында «Өлкеміздің белгілі тұлғалары» жобасы аясында білім мен ғылымға негізделген, әсерлі де мазмұнды кездесу өтті. Екі ғасырдың бірдей аса көрнекті физигі «ХХ ғасыр адамы» атағын иелеген академик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Көкетай Темірғали Әбілдаұлы мектебімізде қонақта болды. Ғұлама ғалым оқушыларға өз өмірбаяны мен ғылым жолындағы жетістіктерімен бөлісті. Оқушылар ғалымға ойларындағы сұрақтарын қойып, емен-жарқын жүздесу болды.
Әсерлі кездесудің соңында 9А сынып оқушысы Асқар Мағжан ғалымға арналған өлең шумақтарымен аяқтап, мектеп ұжымы ғалымға сый-сияпаттарын білдірді.

«Өлкеміздің белгілі тұлғалары»