Вы здесь

Бүгін «Дарын»ММИ-де Қарағанды облыстық Білім беруді дамыту орталығының қолдауымен «Бейнелі карта»жобасын жүзеге асыру мақсатында «География және тарих сабақтарында оқу жұмысының интерактивті құралдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.Семинар жұмысына облысымыздың ауыл,аудан,қалаларынан география және тарих пәні мұғалімдері қатысты.Семинардың ашылуында мектеп директоры Л.А.Темерханова мен директордың бейіндік жұмыстар жөніндегі орынбасары Карибаева А.М мектептің жұмыс жоспары мен даму бағыты жөнінде сөз сөйлесе,мектеп жетістіктерімен «Дарын дарабоздары» оқушылар тобы таныстырды,қонақтар кафедралар ұйымдастырған көрмені тамашалады.География пәні мұғалімдері Чистякова Г.Н «Моя Родина Казахстан» тақырыбында сыныптан тыс шара ,Карибаева А.М 10-сыныпта «Белорусь»мемлекеті, жаратылыстану пәнінен Аманбаева Б.Ғ 5-сыныпта «Бір және көп жасушалы ағзаларды сипаттау», тарих пәні мұғалімі Есілбаева Ж.Е 9-сыныпта «Экономическое развитие Республики Казахстан в ХХІ веке» тақырыптарында ашық сабақтар өткізсе, «Бейнелі карта-жобалау әрекетінде» тақырыптарында тарих пәні мұғалімдері Смағұлов Б.А пен Есілбаева Ж.Е өз тәжірибелерімен бөлісіп шебер сынып өткізді. «Туған елге тағзым» жобасы аясында химия пәні мұғалімі, 6 «Б» сынып жетекшісі Шибаева С.Р мен тәрбиешісі Жұманова Р.Т Түркістан облысының бейнелі картасын көрсетті.Семинарда тәжірибесімен бөліскен әр мұғалім сабақтарында интерактивті құралдарды ұтымды қолдану арқылы оқушының өздігінен білім алуын дамытуда жүйелі жетекшілік жасап отырғандарын айқын көрсетті.Семинар соңында ББҚ ОӘО әдіскері Тулепбекова С.К облыс мектептерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып,семинар жұмысына оң баға беріп,мектеп ұжымының нәтижелі еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

«География және тарих сабақтарында оқу жұмысының интерактивті құралдары» семинар