Вы здесь

3-ші мамыр күні мектебімізде оқушылардың ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатында «Жас ғалым» атты дәстүрлі мектепішілік ғылыми-практикалық конференция болып өтті.Конференцияда қазақ тілі мен әдебиеті,тарих секциясынан- 14, математика секциясынан-30,ағылшын тілі секциясынан-21,жаратылыстану секциясынан-19,физика секциясынан -9,орыс тілі мен әдебиеті секциясынан-13,информатика секциясынан-8 жұмыс қорғалып,қазылар тарапынан әділ бағасын алып,ұсыныс,пікірлерін тыңдады.Оқушылардың ғылыми жұмыстарына Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдары:филология ғылымының докторы ,профессор Ж.Ж.Жарылғапов,филология ғылымының кандидаты А.Б.Жұмағұлов,физика-математика ғылымдарының кандидаты Қ.Е.Кервенев, физика-математика ғылымдарының кандидаты А.С.Кудусов,жаратылыстану ғылымдарының магистрі Жанғожина Г.М, техника ғылымдарының магистрі Д.Д.Наушабекова қазылық етіп,ғылым әлеміне жасаған қадамдарына сәттілік тілеп,өздерінің ақыл кеңестерін де айтып өтті.Қазылар алқасының шешімімен 1,2,3 орынға ие болған оқушылардың зерттеу жұмыстары облыстық ғылыми жобалар сайысының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

«Жас ғалым» дәстүрлі мектепішілік ғылыми-практикалық конференция