Вы здесь

1 қыркүйек 2019 жылы облыстық «Дарын» мамандандырылған мектеп- интернатында  2019-2020 оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесіне ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ершов Михаил Сергеевич қатысты. Мерекелік ісшара алдымен мектептің әдістемелік көрмесі және жобалық іс әрекеттерімен таныстырудан басталды. 1-қабатта пән кафедралары әдістемелік таныстырылым жасаса, оқушылар ғылыми жобаларымен таныстырып кетті. Спорт залда қазақтың ұлттық ойындары және интеллектуалдық ойындардың мектеп бойынша жүру барысымен таныстырылды. Мектеп психологы Байсимакова А.Б. интернат тәрбиеленушілерімен оқушының жеке даму траекториясын көрсетті. Қонағымыз әрі қарай алғашқы қоңырау жиынына қатысып, сөз сөйледі.

 Мектеп директоры Темерханова Лазат Аскаровна  өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, биылғы оқу жылының ерекше екендігін, 5-10 сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасына көшетіндігін айтты. Үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін дамытуға баса мән берілетіндігіне тоқталды. . Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Жиын соңында оқушыларға  «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы білім күні сабағы өткізілді.

 

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» алғашқы қоңырау жиыны бойынша ақпарат