Вы здесь

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Қорының «ЕЛ ҮМІТІ» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің

ХАТТАМАСЫ

 

Нұр-Сұлтан қ.                              №                      2019 жылғы 06 қыркүйек

 

 

 

 

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаев төрағалық етті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының
«ЕЛ ҮМІТІ» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру туралы

( Сапарбаев, Исекешев, Аймағамбетов, Біртанов,
Жылқыбаев, Пірметов)

 

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры Ә.Ө. Исекешевтің, Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың, Денсаулық сақтау министрі
Е.А. Біртановтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының «ЕЛ ҮМІТІ» және «Қамқорлық» бастамаларын іске асыру жөніндегі ақпараты назарға алынсын.

2.Білім және ғылым министрлігі Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті–Елбасының Қорымен және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп 2019 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде:

2.1.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы  Қорының «ЕЛ ҮМІТІ» таланттарды анықтауға және қолдауға арналған бастамасын іске асыру жөніндегі Жол картасын пысықтасын;

2.2.«МЫҢ БАЛА» жобасы шеңберінде мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін шағын қалалар мен ауыл мектептерінің оқушыларына ғана квота бөлу жөніндегі мәселелерді пысықтасын;

2.3.«МЫҢ БАЛА» және «Елбасы медалі» жобалары бойынша қаржыландыру көздерін айқындай отырып, шығыстар сметасын ұсынсын;

2.4.«Елбасы медалімен» марапаттауды заңнамалық бекіту, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге гранттар бөлу және «МЫҢ БАЛА» жобасы шеңберінде оқушыларды, мектеп педагогтарын және мектептерді көтермелеу мәселелерін пысықтасын.

3. Денсаулық сақтау министрлігі, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен,
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен», облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп:

3.1.  ағымдағы жылғы 10 қыркүйекке дейін іс-шараларды іске асыру мерзімдерін қысқарту, қаржыландыру көздерін нақты айқындау және медициналық оңалтуды қажет ететін, нерв жүйесі мен тірек-қимыл аппараты аурулары, туа біткен даму кемістіктері бар, катамнестикалық кабинеттерде бақылауға және көру мен есту ағзаларының патологиясы бар операциялық араласуға мұқтаж балаларды есепке алудың бірыңғай базасын құру, медициналық оңалту қызметтеріне қажеттілік көлемін айқындау бөлігінде «Қамқорлық» бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасын, есту және көру ағзаларын жедел емдеу қызметтеріне қажеттілік көлемін айқындау;

3.2. бірыңғай орталықтарда (оңалту орталықтары және т.б.) медициналық, білім беру, әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелерін пысықтау.

4. Денсаулық сақтау министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп екі апта мерзімде оңалту орталықтарына, оның ішінде жеке бастамалар бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізсін (саны, көрсетілетін қызмет түрлері және т.б.).

5. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорымен және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорымен «ЕЛ ҮМІТІ» және «Қамқорлық» бастамаларын іске асыру жөнінде халықпен ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.

6. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөліміне жүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары                           Б. Сапарбаев

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының «ЕЛ ҮМІТІ» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру туралы