Вы здесь

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Қорының «ЕЛ ҮМІТІ» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі селектор
лық кеңестің

ХАТТАМАСЫ

 

 

Нұр-Сұлтан қ.                              №                      2019 жылғы 12 қыркүйек

 

 

 

 

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаев төрағалық етті

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
    Қорының
    таланттарды анықтауға және қолдауға арналған
    «ЕЛ ҮМІТІ»  бастамасын іске асыру барысы туралы

(Сапарбаев, Исекешев, Каринова, Мұқұшев, Мауберлинова, Пірметов, әкімдердің орынбасарлары)

 

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры Ә.Ө. Исекешевтің, Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Каринованың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының «ЕЛ ҮМІТІ» бастамасын іске асыру жөніндегі ақпараты назарға алынсын

2. Білім және ғылым министрлігі:

1) Қаржы министрлігімен, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп бір апта мерзімде:

- қаржыландыру көздерін анықтай отырып, «ЕЛ ҮМІТІ» бастамасы бойынша Жол картасын пысықтасын және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қорына енгізсін;

- Қазақстан Республикасының Үкіметіне өңірлер бөлінісінде, қаржы шығындарын талап ететін әрбір іс-шара бойынша қаржыландыру көлемі мен көздерін көрсете отырып, Жол картасының іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі ақпаратты (пысықталған жол картасының жобасымен қоса) енгізсін;

2) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп «Елбасы Медалі», «Мың бала» Ұлттық зияткерлік турнирі», «Жас көшбасшыларды қолдау бағдарламалары» жобаларының өңірлік кезеңдерін, сондай-ақ «ЕЛ ҮМІТІ» бастамасының жобаларына қатысушыларды көтермелеу шараларын қаржыландыру мәселелерін пысықтасын;

3) Әділет министрлігімен бірлесіп бір апта мерзімде «Елбасы Медалін» беру тәртібін заңнамалық реттеу мәселелерін пысықтасын;

4) Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Таланттарды анықтау және қолдау орталықтарының құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлесін және бекітсін;

5) Гуманитарлық бағыттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер ашу мәселелерін, сондай-ақ олардың жұмыс істеуінің бірыңғай әдістемесін пысықтасын («Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп).

3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Таланттарды анықтау және қолдау орталықтарын құру жөніндегі жұмысты жеделдетсін, үй-жайларды айқындасын және оларда қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізсін, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы орталықтардың қызметін 2019-2020 жылдары қаржыландыруды көздесін.

4. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әкімдіктері «ЕЛ ҮМІТІ» өңірлік марафондарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жәрдем көрсетсін.

5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері өңірлерден делегациялардың бөлу кестесіне сәйкес
«ЕЛ ҮМІТІ» өңірлік марафондарын өткізуге қатысуын қамтамасыз етсін.

 

  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға
    қолдау бойынша «Қамқорлық»  бастамасын іске асыру
    барысы туралы

(Сапарбаев, Исекешев, Каринова, Ақтаева, Мұқұшев,
Мауберлинова, П
ірметов)

 

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Қамқорлық»  бастамасын іске асыру бойынша  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Ә. Исекешовтың, Денсаулық сақтау вице-министрі
Л.М. Ақтаеваның, білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Каринованың   ақпараттары назарға алсын:

2. Денсаулық  сақтау министрлігі:

1) білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы министрліктерімен, облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп бір апта мерзімде:

-  «Қамқорлық» бастамасы бойынша  қаржыландыру көздерін анықтай отырып, жол картасын  пысықтасын  және оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорына  бекіту үшін енгізсін;

- Қазақстан Республикасының Үкіметіне өңірлер бөлінісінде, қаржы шығындарын талап ететін әрбір іс-шара бойынша қаржыландыру көлемі мен көздерін көрсете отырып, Жол картасының іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі ақпаратты (пысықталған жол картасының жобасымен қоса) енгізсін;

2) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірлесіп оңалту орталықтарын жабдықтармен, сондай-ақ есту және көру ағзаларының бұзылулары бар балаларды операциялық емдеу бөлімшелерімен қамтамасыз етсін;

3) Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Алматы облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының  әкімдіктерімен бірлесіп, (еңбек ақысының қорын қоса алғанда) оңалту орталықтарының, катамнестикалық кабинеттердің  жұмыс істеуін  қамтамасыз етсін;

4) Медициналық оңалту орталықтарының (бөлімшелерінің), катамнестикалық кабинеттердің қызметінің қағидаларын әзірлесін.

3. Білім және ғылым министрлігі:

1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірлесіп мектептің базасында инклюзияны қолдау кабинеттерін жабдықтауды қамтамасыз етсін;

 2) Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Алматы облыстарының, Нұр-Сұлтан қалаласының әкімдіктерімен бірлесіп инклюзияны қолдау кабинеттерінің (еңбек ақысының қорын қоса алғанда) жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

4.  Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Алматы облыстарының, Нұр-Сұлтан қалаласының әкімдіктерімен бірлесіп денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының базасында оңалту орталықтарын, катамнестикалық және инклюзиялық кабинеттерді ашу үшін (қажеттілігі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу) үй-жай бөлсін және дайындасын.

5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері әрбір ауданда медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелер),  катамнестикалық және инклюзиялық кабинеттерді ашу мәселелерін пысықтасын.

6. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  білім және ғылым, денсаулық министрліктерімен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп бірыңғай ақпараттық платформаны құру мақсатында ерекше қажеттілігі балалар туралы мәліметтері бар базасымен және қолданыстағы жүйелер бойынша әлеуметтік навигаторлармен электрондық платформаны әзірлеуге кіріссін.

7. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі министрлігі білім және ғылым, денсаулық министрліктерімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорымен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының бастамасын іске асыруды ақпараттық жарықтандыруды қамтамасыз етсін.

8. Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері
осы хаттаманың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты 2019 жылғы
23 қыркүйекке
дейінгі мерзімде ұсынсын.

9. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөліміне жүктелсін.

 

 

Заместитель Премьер-Министра

         Республики Казахстан                                         Б. Сапарбаев

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының таланттарды анықтауға және қолдауға арналған «ЕЛ ҮМІТІ»  бастамасын іске асыру барысы туралы