Вы здесь

2019-2020 оқу жылында 10-сыныпты оқытудағы басты ерекшелік оқушыны кәсіби мамандануға бағыттау болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру аясында «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушыларын облысымыздағы ЖОО –мен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Оқушылар экскурсия барысында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚЭУ, ҚарМТУ және медицина университетіне барды. ЖОО –дары қызметкерлері оқушыларға университет даярлайтын мамандықтар, шетелдік оқу орындарымен байланысы туралы айтты, олардың сұрақтарына жауап берді. Университеттердің мұражайын, ІТ кабинеттерін, дәріс залдарын көрді. Студенттердің білім алуына жасалған мүмкіндіктермен танысты. Оқушылардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерін дамытуда, болашақ оқу орнын таңдауға экскурсияның тигізер ықпалы мол болды.

Кәсіби мамандануға бағыттау