Вы здесь

2019 жылдың 25 қазаны күні мектебімізде С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор, алаштанушы, ғалым Ісмақова Айгүл Серікқызымен кездесу кеші өтті. Кешке Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ұстазы, ф.ғ.к., доцент, айтыскер ақын, жыршылар мектебінің ұстазы Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлыда қатысты. Кездесу шымылдығын мектебіміздің оқушысы Караманова Қанағат С.Сейфуллиннің "Біздің жақта" әнімен ашып берді. Одан кейін "Дарын" ақындары өз өлеңдерін оқып келген қонағымызды тәнті етті. Кеш Айгүл Серікқызымен еркін сұхбаттасумен жалғасын тапты. Айгүл апай Алаш қайраткерлері, жетістікке жетудегі өз ойын және қазіргі заман жастары жайында сыр шертіп, біраз мағлұмат берді. Алаш қайраткерлері жайында ф.ғ.к.,доцент А.Б.Жұмағұловта өз ойын білдірді. Кеш соңында оқушылар тыңдағандары бойынша ой бөлісіп, мектеп директоры Темерханова Л.А қорытынды сөзін, алғысын айтты.Шырайлы кеш дәстүр бойынша суретке түсумен аяқталды.

Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!