Вы здесь

Бүгін,01 қараша күні мектебімізде Қарағанды облысы білім басқармасының 2014 жылғы 27 ақпанындағы №54 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 18 қазандағы №499 бұйрығы негізінде ауыл мектептеріне әдістемелік-практикалық көмек көрсету «Ауыл-қала» жобасын іске асыру мақсатында Осакаров ауданы мектептерімен өткізілетін әріптестік байланысты жүзеге асыру мақсатында кездесу болып өтті.Кездесуге Осакаров ауданының 18 мектебінен директордың оқу –тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен аудандық білім бөлімінен әдіскер Григорьева А.В қатысты.Кездесуді мектеп директоры Л.А.Темерханова мектеппен жалпы таныстырудан бастап,сөзді кафедра меңгерушілеріне берді.Кафедра меңгерушілері кафедра тақырыптары,мақсат-міндеттерімен ,кафедрадағы оқу-әдістемелік қызметпен таныстырды.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Е.Еркен «Дарын» ММИ 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс бағыттарымен таныстырса,мектеп психологы А.Б.Байсимакова мектептегі психологиялық-педагогикалық қызметтің ерекшеліктеріне тоқталды.

Әріптестік байланыс іс-шараларын жоспарлау пікірталасы 5 бағытта жүргізілді:

1.Жоспарлау

2.Бейінге бағыттау

3.Тиімді технология

4.Дамытушы орта

5.Әдістемелік маркетинг

Пікірталас соңында «Ауыл-қала» жобасы негізінде атқарылатын жылдық жұмыс жоспары талданып,бекітілді:

1.Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек

2.9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындауда әдістемелік көмек

3.Ашық есік күнін ұйымдастыру

4.Оқушылардың жеке даму траекториясын құру жөнінде әдістемелік көмек

5.Пән мұғалімдерімен байланыс орнату.

Кездесу соңында келген қонақтар ынтымақтастықта бірлесе жүйелі жұмыс жасаймыз деген шешіммен аттанды.

«Ауыл-қала» жобасы