Вы здесь

Бүгін мектебіміздің оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры Әшім Ерлан Мұқатайұлымен диалогтік кездесу кешін өткізді. Қазіргі таңда өзінің бизнес саласын қарқынды түрде өрбітіп жүрген Ерлан мырзаға оқушыларымыз «Нәтиже» брендінің шығуы, жаңа жобалар жайлы қызықты сұрақтар қойды. Ерлан мырза оқушылармен өзінің өмір тәжірибесімен, жетістікке жеткен жолының қызықты әнгімелерімен бөлісіп, оқушыларымызға жақсы көңіл күй сыйлады.
Оқушылар үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарға жауап бергеніңе мектеп ұжымының атынан алғыс білдіреміз!

Кездесу кеші