Вы здесь

2020 жылдың 29 ақпан күні мектебімізде "Отбасы мен мектептің әріптестігі - тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі" тақырыбында ашық есік күні өтті.
Мақсаты: ата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға белсене араласуға тарту.
Ашық сабақтар, сабақ кестесіне сәйкес барлық пәндер бойынша өткізілді.Ата-аналар 1-4 сабақтарда оқушылардың сабағына кіріп, олардың белсенділігін, білімін, сабаққа қатысуын бақылады.
5 сыныптарда Байсимакова А.Б. мен Базылжанова Н.С. ұйымдастыруымен "Жеке даму траекториясын жүзеге асыру тиімділігі" тақырыбында коучинг, 6 сыныптарда 3.Аубакирова Г.З. мен Мақсұт Н.М. ұйымдастыруымен "Баланың басты ұстазы ата-ана" атты тренинг, 7 сыныптарда Қасым Ә.Ж., Шибаева С.Л., Сайлыбаева Н.А. жетекшілігімен "Көптілділік-заманауи қажеттілік" тақырыбында семинар сабақ, 8 сыныптарда Тусупова Г.С., Кошербаева Б.А., Акашева Ж.К. жетекшілігімен "Оқушы бойында зерттеушілік әрекетті дамыту" тақырыбында шебер-сынып сабақтары өтті.
9 сыныптар сынып жетекшілері: Утегенова А.С., Кадирсизова А.М., Смагулов Б.А. жетекшілігімен Ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай "Ата-анаға көз қуаныш" атты әдеби-музыкалық композиция өткізсе, 10 сыныптар "Эта палата разрешит домашнее обучение" тақырыбында Абикенова Ж.К., Турсынбаева Г.Т., Губерт А.С. жетекшілігімен дебат ойынын ұйымдастырды.
Интернат тәрбиешілері "Ынтымақ түбі-береке" атты ата-аналармен тренинг өткізді. Ата-аналар тренингке белсене ат салысып, берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты.
Алғыс айту күніне арналған әр сынып ашық сынып сағатын өткізсе, 5 сынып акт залында ата-аналарға арнап шағын концерт ұйымдастырды.
Ашық есік күнінде келген ата-аналар мектептің ішкі жағдайымен, оқушылардың жасаған ғылыми-зерттеушілік жұмыстарымен, ізденістерімен, көрмемен танысып қана қоймай өздері де сабаққа қатысып, спорттық ойындарда белсенділік танытты. Ата-аналар талантты, дарынды оқушыларды білім нәрімен сусындатып жатқан мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дарыту –мектептегі ұстаздар қауымының басты міндеті.

Ашық есік күні