Вы здесь

,Алматыдан сүйінші хабар! 2020 жылдың 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің базасында Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы өтті. Осы конкурстан мектебіміздің оқушылары Сатаева Аида мен Жасимова Айбану ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. Оқушыларды және дайындаған ұстазы А.А.Мекееваны жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз. Алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!