«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

14 -17 сәуір аралығында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына Ахан Абылайхан, Зарубаева Айзере, Ибадуллина Ания қатысып, апталық ойынның жеңімпаздары атанды.

«Дана Жол Турнирі» атты Республикалық турнир

10 сәуір 2015 ж Алматы қаласында «Дана Жол Турнирі» атты Республикалық турнирге 10-сынып оқушысы Курмангалиев Марғұлан белсенді қатыса отырып, ұшқыр ойымен, шешімгерлігімен, стратегиялық ойлау қабілеттілігімен ерекше көзге  түсіп, мақтау қағазымен марапатталды.

Республикалық «Ақберен» байқауы

19-21 наурыз 2015 жылы Түркістан қаласындағы А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік  университетінің базасында  республикалық  «Ақберен»  байқауы  өтті. Байқауға ақындар айтысы номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Оспанов Бекарыс  қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы

25-26 ақпан 2015 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысына Оспаов Бекарыс қатысып, ІІ орын иеленді.

Страницы

Подписаться на ДАРЫН RSS