27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында ұлағатты ұстаз Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өтті. Білім додасына 9-11 сынып оқушылары білімдерін сарапқа салды. Олимпиадаға біздің мектебіміздің 9-сынып оқушысы Совет Саяжан қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.