#Біз бетпердемен

Короновирустың 2-ші толқыны қарсаңында вирустың алдын алу шараларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары вирустың ауа арқылы таралатындықтан үйден шыққан кезде бетперде тағуға кеңес береді. Себебі, 3 минут ішінде адам 5-7 рет қолын бетіне тигізіп, көзін уқалайды. Яғни адам инфекцияны қолы арқылы жұқтыру қаупі бар. Мұндай жағдай болмас үшін біз бетпердені ғимаратта ғана емес, үйден шыққанда да тағуымыз керек.

Рухани келісім күні

Рухани келісім күні қарсаңында мектебіміздің оқушылары "Менің елім -бейбітшілік пен келісім елі" тақырыбы бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілінде эссе жазған болатын. Міне, бүгін көркем тілмен тақырыпты ашып жаза алған оқушыларды жеңіс тұғырынан көрдік.

«Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы

08.10.2020 күні «Достық» үйінде өткен «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысына қатысқан оқушыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті. Жыл сайын дәстүрге айналған сайыстың мақсаты: Бұқар жырау Қалқаманұлының жалынды жырларын, асыл мұрасын дәріптеу. Жыршы-жыраулық дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу.
Сайыстың қорытындысы бойынша «Бұқар жырауша» номинациясында
Асқар Мағжан - алғыс хат (5000 теңге сыйлық). Жетекшісі- Абикенова Жанат Кабденовна;
«Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша:

Ұстаз - ұлы есім

Аяулы да ардақты ұстаздар! Баршаңызды ұлық мереке – Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Ата-аналар жиналысы

19 қыркүйекте ата-аналар жиналысы өтті.
Тақырыбы: "Жаңа оқу жылында балаларды қашықтан оқыту туралы". Жиналыс барысында қашықтан оқыту кезіндегі оқу платформалары, интернетті қауіпсіз пайдалану туралы қауіпсіздік ережелері және қашықтан оқытудағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы мәліметтер берілді. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қатысы туралы сөз қозғалып, ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Жиналыска мектеп инспекторы мен психолог катысты.

1 қыркүйек – Білім күні

1 қыркүйек – Білім күніне орай оқушылармен Zoom платформасы арқылы ONLINE сынып сағаттары өтті. 

Страницы

Подписаться на ДАРЫН RSS