Вы здесь

"Ешкімде кінәлі емес" атты қойылым

     "Дарын" мамандандырылған мектеп-интернатының интернат тәрбиеленушілері бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында С.Сейфуллин атындағы облыстық драма театрына "Ешкімде кінәлі емес" атты қойылымды тамашалады. Оқушылардың спектакльден алған әсерлері өте ерекше болды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

      Қаңтар айының 4-9 аралығында Алматы қаласындағы олимпиадаға дайындау Әл-Фараби мектебімен бірлесе отырып, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты математика пәнінен дәстүрлі қысқы Әл-Фараби мектебін өткізді. Жалпы 5-8 сыныптар арасынан 40 оқушы қатысты.

Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

       4-5 қаңтар күндері жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Мектебіміз бойынша олимпиададан 27 оқушы жүлделі орынды иеленді:
1 орын – 3
2 орын – 7
3 орын – 17.

"Қош келдің, Жаңа жыл!"

          Желтоқсан айының 25 жұлдызында "Дарын" мамандандырылған мектеп интернатында 5-7  сынып оқушыларына арналған "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты мерекелік кеш өтті. Аяз ата мен Ақшақарға балалар өз өнерлерін көрсетті.

"Тəуелсіздік-Ұлы дала ұрпақтарына аманат!"

      Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні қарсаңында "Дарын" ММИ КММ 7-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Тəуелсіздік-Ұлы дала ұрпақтарына аманат!" атты мерекелік іс шара өте жоғары деңгейде өтті. Мақсаты туған халқымыздың тарихымен батыр ұл-қыздарымыздың ерлігіне тағзым ету.

Страницы

Новости